Оқушының денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтірген мектеп мұғалімі сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық соты  мектеп мұғалімі К.Аманованы кәмелетке толмаған оқушының денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп таныды.

Атап айтқанда, 2015 жылдың қараша айының 12 жұлдызында Арал ауданы Қамыстыбас елді-мекеніндегі №21 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі К.Аманова 6 сынып оқушыларына сабақ өткізу барысында алдыңғы партада отырған кәмелетке толмаған оқушы А.Сарыбаевқа «алдыңа қарап, тыныш отыр» -деп, қолын сілтегенде қолындағы қаламсап ұшып кетіп, оқушының сол жақ көзіне тиген. Соның салдарынан кәмелетке толмаған А.Сарыбаев сол жақ жанарынан айырылып, денсаулығына ауыр зиян келген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті сотта өзінің қылмысын мойындап берген жауабымен, куәлардың жауаптарымен, іс құжаттарымен, сондай-ақ сот-медициналық сараптама қорытындысымен толық дәлелін тапқан.

Сотталушы К.Аманова сот үкімімен ҚР ҚК-нің 114-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, оған 800 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 585 600 теңге сомасында айыппұл салынып, педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айырылды. Бұған қоса, сотталушыдан  жәбірленушінің заңды өкілі А.Сарыбаеваның пайдасына 71 318 теңге материалдық, 1 500 000 теңге моральдық шығын өндірілді.

Сот тектес оқыс оқиғалардың келешекте орын алуының алдын алып, оны болдырмауға тиісті шаралар қолдану үшін Қызылорда облыстық білім департаментінің және Арал ауданы прокурорының атына жеке қаулы қабылдады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі