Маңғыстауда алаяқтық жөніндегі қылмыстық істер туралы мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық соты облыстық адвокаттар алқасымен қол қойған меморандумды іске асыру шеңберінде «Алаяқтықтың жаңа тәсілдеріне байланысты қылмыстық істерді тергеп-тексеру мен қараудың ерекшеліктері» атты семинар өткізді.

Семинарға Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған  теңестірілген соттардың қылмыстық істерді қарайтын судьялары, прокуратура, құқық қорғау органдары мен адвокатура өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында оған қатысушылар алаяқтықтың көбеюі қарапайым халықтың заңды білмеуінен туындап отырғандығын ескере келе, алаяқтықтың жаңа тәсілдеріне, қылмыстық істерді тергеп-тексеру мен қараудың ерекшеліктеріне, осы санаттағы қылмыстардың алдын-алу және онымен күресу мәселелерін талқыланды.

Іс-шараны аша келе, Ержан Қарабаев алаяқтық елімізде кеңінен таралған қылмыс екендігін атап өтті. «Бүгінде алаяқтықтың жаңа түрлері көп. Алайда, алаяқтықты жасаудағы алдау тәсілдерінің әр түрлілігі және жақын құрамдағы қылмыстардан бөлудің нақты критерийлерінің болмауы оны ашуда, тергеу жүргізу мен саралауда бірқатар қиындықтар туғызуда», - деді ол.

Баяндамашылар алаяқтықтың жаңа тәсілдеріне байланысты қылмыстық істерді тергеп-тексеру мен қараудың ерекшеліктерін, алаяқтықтың алдын-алу және ескертудің, соның ішінде, ғаламтор мен әлеуметтік желілерде азаматтар арасындағы құқықтық нигилизмді жою қажеттігімен байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

Семинар барысында адвокаттар мен облыстағы құқық қорғау органдарының өкілдері тақырыптың өзектілігіне тоқтала келе, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.  

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі