Маңғыстау областық соты

Маңғыстау облысының Жаңаөзен және Мұнайлы аудандарында Би кеңестері құрылды

12/06/2020

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Дәулиев Жаңаөзен және Мұнайлы ауданының судьяларымен, әкімдіктер мен би кеңесінің өкілдерімен, медиаторлармен онлайн-кездесу өткізді.

Осы іс-шара барысында Жаңаөзен мен Мұнайлы ауданында Билер кеңесінің филиалдарын құру мәселесі талқыланды. Ұйымдастырушылар дауларды соттан тыс шешу институттарын танымал ету міндетін алдарына басты мақсат етіп қойды.

850 миллион теңгенің дауы татуласу арқылы шешілді

03/02/2020

АҚ берешекті өндіріп алу туралы ЖШС-ға талап қойып Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Сот тараптар арасында тауарлық газды жеткізуге шарт жасалғанын анықтады. Талап қоюшы осы газды жеткізуге және беруге, ал жауапкер шартта белгіленген мерзімде оның құны үшін ақы төлеуге міндеттенген болатын.

Талап қоюшының жауапкерден бір ерекшелігі қабылданған міндеттемелерді орындаған. Осыған байланысты ЖШС осы мекемеге          850 000 000 теңгеге қарыз болды.

Сот бір миллиард теңгеден асатын дау бойынша кәсіпкер мен банкті татуластырды

07/06/2019

Банк заем алушыдан 734 417 960 теңге сомасындағы берешегін 62 көлік құралына, сондай-ақ өндірістік база мен жиһаз салоны түріндегі жылжымайтын мүлікке аудару арқылы өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Заем алушы кәсіпкер қаржылық қиындықтарға байланысты кредиттерін уақытында төлей алмаған, нәтижесінде оның Банкке бір миллиардтан астам қарызы пайда болады.  

Ақтауда биілер алғашқы дауды қарады

05/06/2019

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Дәулиев және Билер кеңесінің төрағасы Марат Молдағұлов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат қоғамды келісімді  нығайтуға, қоғамдағы қақтығыстарды азайтуға, дауларды бітімгершілік жолмен шешуге жәрдемдесуге, дауларды шешудің баламалы, оның ішінде медиацияны кеңінен танытуға,  сапалы сот төрелігін  қамтамасыз етуге және сот органдарына халықтың сенімін арттыруға бағытталған.

Республика судьялар сот практикасының мәселелерін талқылады

04/06/2019

Ақтөбе облыстық соты «Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық істерді қараудағы проблемалық мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Оған судьялар, прокуратураның, әкімдіктердің өкілдері, есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы мен полиция қызметкерлері қатысты.

22 миллион теңгеден астам дау татуласумен шешілді

31/05/2019

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бір ЖШС-ның екіншісінен берешек сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот, тараптар арасында арнайы техниканы сату-сатып алу туралы шарт жасалғанын анықталды, оның талаптары бойынша сатушы (талапкер) жауапкердің мекенжайына тауар жеткізуге, ал сатып алушы (жауапкер) тауарды қабылдап алуға және  төлем жасауға міндеттелінген.

Ақтауда Билер кеңесі жұмысын бастады

23/04/2019

Маңғыстау облысы Қазақстан халықтар қауымдастығының ғимаратында Билер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Осы қоғамдық бірлестікті қалалық мәслихат депутаты Марат Молдағұлов басқарды, отставкадағы судья Гүлжахан Иманғалиева хатшы болып сайланды.

Кеңестің құрамына 9 азамат кірді, жұмыс тобы үш адамнан тұрады. Олар қоғам қайраткерлері,  отставкадағы судьялар және өңірдің құрметті азаматтары. Оның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Ақтауда студенттерге дауларды шешу мүмкіндігі түсіндірілді

11/04/2019

Жоғарғы Соттың Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұргүл Қарағойшина Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.

Іс-шара «Сотқа дейін, сотта татуласу» жобасы шеңберінде өтті. Кездесу тікелей, еркін әңгіме аясында болды. Кездесуге қатысушылар даулардың туындауына алып келетін мән-жайларды және жанжалдарды сотсыз шешу мүмкіндігін талқылады.  

Ақтауда Отбасы орталығы ашылды

05/04/2019

Отбасы орталығы Қазақстан халқы ассамблеясы филиалының ғимаратында ашылды. Орталық жұмысының алғашқы күнінде-ақ облыстық соттың судьясы Мұрат Аубакиров бірден судья-медиаторлармен, отбасылық психологтармен және медиаторлармен бірлесе отырып, онда дауласушы ерлі-зайыптылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Беттер