Қостанай облыстық сотында бала құқығын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотында сот төрағасы Асламбек Мерғалиевтің, Ювеналдық сот судьяларының, облыс прокурорының орынбасары Әділхан Ерекешевтің, Қостанай облысы ІІД Ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Гүлмира Лежнинаның, Халыққа психологиялық көмек көрсету бойынша кризистік орталық жетекшісі Галина Ислямованың, Адвокаттар алқасы ювеналдық кеңесі, білім бөлімі, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдыры өкілдерінің қатысуымен «Балалар құқығын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. 

Бала құқығын қорғау бүгінде әлемдік қауымдастықтар шешуін табуға талпынатын өзекті мәселелер қатарында. Бұл тақырып сот қауымдастығын да бейжай қалдырған жоқ.

Асламбек Мерғалиев өзінің алғы сөзінде тақырыптың ауқымдылығына, өзектілігіне тоқталып, бұл бір ұлт деңгейіндегі емес, әлемдік мәселе екендігін атап өтті.

Еліміздің Контитуциясына сәйкес, неке, отбасы, аналық, әкелік және балалық мемлекет қорғауында. Қазақстанда бала құқығы азаматтық, отбасылық және құқықтың басқа да салаларында көрсетілген.

Балалар құқығын қорғаудағы маңызды кезең ювеналдық соттың, ювеналдық полицияның, прокуратураның және басқа да мекемелердің құрылуы болды. Шараға қатысқан аталған органдардың өкілдері әр салада жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Тәжірбиеде кездесіп отырған фактілер негізінде Ювеналдық сот төрайымы Айзада Жәнібекова мен облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абай Райысов баяндама жасады. Судьялар жұмыс бабымен кәмелетке толмағандардың құқығының бұзылуына, олардың балалық қиындықтарына куә болады. Бұл негізде судьялар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне балаға қарсы қылмыс жазаған адамдарды қосымша  жазалау баптарының енгізілгені құптарлық жайт дейді.

Балаға қарсы жыныстық қылмыс жасағандарды шартты түрде жазалауға, жазаны өтеу уақытын кейінге шегіндеруге, амнистия қолдануға тиым салынған.

Дөңгелек үстелге қатысушылар бүгінде бұл қылмыс түрінің артуына порнографиялық мәндегі интернет ресурстарының артуы, жарнамалар мен музыкалық бейнебаяндардың әсері деген ортақ ойға тоқталды. Тіпті жасөспірім қыздар арасында өткізілетін әдеттегі сұлулық сайыстарының өзі күмәнді болып жатады. Облыс прокурорының орынбасары Әділхан Ерекешевтің мәліметінше, прокуратура органы бала құқығына қарсы қылмыстардың алдын алуда кешенді жұмыстар жүргізуде. Мәселен, өмірмен қоштасу үшін кері санауды бастауға жасөспірімдерді үгіттейтін әлеуметтік желілер жұмысы бөгеліп, осы үгіт салдарынан суицид жасауға ниеттенген балалар құтқарылған.

«Дөңгелек үстелді» қорытындылай келе, мамандар тұрмыстық және сексуалдық зорлыққа ұшырағандарға жоғарғы дейгейде психологиялық көмек көрсетуді, мұндай фактілер орын алған отбасылар мен балаларды статистикалық есепке алуды, жасөспірімдерді, ата-аналарды және педагогтарды қандайда бір жағдайда қалай әрекет ету керектігін, өзін қорғауды оқыту бойынша мақсаттық бағдарламалар енгізуді қолға алуды ұсынды. 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі