Қазақстан Республикасы Әскери соты 2015 жылдың жұмыс қорытындысын шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Әскери сотында 2015 жылы әскери соттардың атқарған жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген жалпы мәжіліс төралқасының кеңесі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров, Әскери соттың  төрағасы Сәкен Абдуллаев, Әскери сот судьялары, Ақмола гарнизоны әскери сотының және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағалары мен судьялары қатысты. Кеңеске бейнебайланыс арқылы гарнизондық әскери соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Әскери соттарды кешенді тексеру барысында анықталған кемшіліктер талқыланды, яғни сот актілерін әзірлеу сапасы, істі қарау барысында мерзімдерді сақтау, істі тағайындау, сот актілерін тараптарға жіберу және жоғарғы тұрған сатыға жіберу мерзімдерін сақтау талқыланды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Әбдіқадыров кеңейтілген отырыста сот жүйесін реформалау мақсатында Ұлт Жоспарының 11-ші қадамын жүзеге асыру бойынша заңнамалық жұмыс жүргізілгенін, соған сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап республиканың сот жүйесіне үлкен  өзгерістер енгізілгенін айтып өтті.

Атап айтқанда, үш сатылы сот жүйесіне көшу, сот талқылауы барысында жазбаны тоқтату немесе өзгертуге мүмкіндік бермейтін сот залдарын аудио- бейнежазба жүйесімен жабдықтау. Институционалдық шешімдер бойынша сот жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылумен қатар, заңнаманы жаңарту, Жоғарғы Соттың жанындағы консультативтік Халықаралық кеңестің құрылуы, Жоғарғы Сот Кеңесінің реформалануы, Сот төрелігі институтын Жоғарғы Соттың басқаруына беру мәселесі заңнамалық деңгейде шешімін тапты.

Кеңесте Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы атынан сот жүйесі алдыңда қызмет атқарғаны үшін отставкадағы судья М.А.Пақырдіновке салтанатты түрде «Алғыс хатты» табыс етті.

Источник: 
Қазақстан Республикасы Әскери сотының баспасөз қызметі