Қарағанды облыстық соты мен Медиацияны жетілдіру орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков және «Медиацияны жетілдіру орталығы» РҚБ-нің директоры Ермек Әбілдин медиацияны жетілдіру саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Іс-шара барысында облыстық сотының төрағасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою, бірінші кезекте қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуін көздейтінін атап өтті.

«Дауларды соттан тыс шешу амалының бірі – медиация. Біздің халық үшін медиация институты оның тарихи тамырына жақын, барлық даулы жағдайларды билер мен ақсақалдар шешкен. Өкінішке орай, біздің азаматтар өзара бітімге келуді ойламастан бірден сотқа жүгінеді немесе әкімге шағымданады», - деді Мұсабек Әлімбеков.

Бекітілген келісім негізінде облыстық сот және қоғамдық бірлестік халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медиацияны қолдану арқылы дауларды шешу кезінде өзара әрекеттесу бойынша бірлескен жүйелі жұмысты бастайды.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі