Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смагуловты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотымен Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі  Мейрам Смагуловтың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде  күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш хат қаралды.

Қаланың бұрынғы әкімі ҚР ҚК 307-бабының 4-бөлігі, 307-бабының  3-бөлігі, 307-бабының  1-бөлігінде көзделген  сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдіктеніп отыр (ауыр салдарға әкеп соққан, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану).

Аталған соттың 2015 жылғы 12 маусымдағы қаулысымен өтініш хат қанағаттандырылды. Мейрам Смагуловты күзетпен ұстау мерзімі 2015 жылғы шілденің 16-ы  күні сағат 13:00 ге дейін ұзартылды.

Қаулылар күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз-қызметі