Екі қызметтесінің өліміне кінәлі әскери қызметкер 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Өскемен қаласындағы көшпелі сот мәжілісінде қатардағы жауынгер Қ.Тоқтаровқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін жариялады.

2013 жылғы 18 қарашасынан бастап Қ.Тоқтаров атқыштар батальонының маманы болып Ұлттық Ұланның № 6 әскери бөлімінде әскери қызметін Е.Ахметжанов және  А.С. Түсүпбекпен бірге өтеп жүрген.

2015 жылғы 3 қазанда қызметтен бос уақытта алкогольдік сусындарды бірге ішкен соң, жәбірленушілермен сотталушы ерегісіп қалған. Қ.Тоқтаров  Е.Ахметжановпен А.Түсүпбекке қасақана асханалық пышақпен соққы жасап, ауыр дәрежедегі дене жарақаттарын түсірген, соның салдарынан олар оқиға орнында қаза тапқаны сот тергеуі барысында анықталды.

Сотта сотталушы Қ.Тоқтаров өзінің кінәсін толық мойындады.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Қ.Тоқтаров ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 1- тармағында көрсетілген (екі немесе одан көп адамды өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған қатаң режимдегі түзету колониясында 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қазақстан Республикасының Әскери сотының баспасөз қызметі