БҚО-да мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша үкімі жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының Зеленов аудандық №2 соты Ресей Федерациясының азаматы А.Иващенкоға қатысты үкім шығарды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, А.Иващенко «Битум» мұнай өнімдерін Ресей Федерациясының шекарасынан Қазақстан Республикасының аумағына мұнай өнімдерінің заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдауды ұйымдастырған.

Жалпы соммасы 2 809 200 теңге болатын 46 820 кг мұнай өнімінің тасымалданған.

Сотқа дейінгі өндірісте прокурор және сотталушы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын сақтай отырып, кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімге келген.

Сот А.Иващенконы ҚР ҚК-нің 197-бабының 3-бөлігімен (мұнайдың өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды ірі мөлшерде тасымалдау, иемдену, сақтау) айыпты деп таныды.

Оған 2 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 3 704 000 теңге айыппұл салынып, мүлікті тәркілеусіз жаза тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 62-бабының 6-бөліміне сәйкес, А.Иващенконың сот отырысына дейін қамауда болған мерзімін ескеріп, жазаны жеңілдетіп сот түпкілікті 3 504 000  теңге айыппұл тағайындады.

Қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме – жартылай тіркеме цистернасы бар автокөлік және жалпы салмағы 46 820 кг құрайтын «Битум» мұнай өнімі мемлекет пайдасына өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: