БҚО-да азаматтық сот ісін жүргізу мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотында «Талап өндірісіндегі азаматтық істер бойынша сот шешімін құру әдістемесі» тақырыбында жас судьяларға арналған ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Шараға облыстың судьялары және БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар Қазақстан Республикасы Судьялар одағының және Америкалық заңгерлер қауымдастығы өкілдігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Жас судьяларға тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ғылыми семинарға Судьялар одағының төрағасы С.Байбатыров, Жоғарғы Соттың доғарыстағы судьясы Н.Мамонтов,  Солтүстік Қазақстан облыстық сотының доғарыстағы судьясы И.Қуанова сонымен қатар, Америкалық заңгерлер қауымдастығының қазақстандық өкілдігінің басшысы Ш.Ташмұхамбетова қатысты.

Семинарды ұйымдастырушылар сот төрелігін сапалы жүзеге асырудың және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін соттың сенімді қорғауының кепілі ретінде судьялардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік шараның маңыздылығын атап өтті.

Семинар жұмысы үш сессиядан тұрды.

Бірінші сессияда талап өндірісіндегі азаматтық істер бойынша  дайындық әдістемесі талқыланды. Жоғарғы Соттың доғарыстағы судьясы Н. Мамонтов «Талап өндірісіндегі азаматтық істер бойынша істі сот талқысына дайындау» және «Талап ету құқығының талабы мен негіздемесі» тақырыптарында баяндама жасады.

Екінші сессияда қатысушылар талап өндірісіндегі азаматтық істер бойынша сот шешімін құру әдістемесін талқылады. И.Қуанова кәсіби тәжірибесі жеткіліксіз жас судьялар үшін әдістеменің маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, даулы және дау тудырмайтын істер бойынша сот шешімін құрудың ерекшеліктерімен бөлісті.

Үшінші сессияда сот шешімінің құрылымы мен мазмұны талқыланды.

Жас судьялар сот шешімінің кіріспе және сипаттау бөлімін әзірлеу  сонымен қатар, сот актісінің дәлелді және қарар бөлігі бойынша ұсынымдарды тыңдады.

Әр сессияның қорытындысы бойынша тәжірибелі судьялар жас судьяларға  құқық нормаларын қолдануға арналған тапсырмаларды орындау бойынша интерактивті жұмыстар жүргізді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі