Беларусь Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан сот өндірісіне енгізілген ақпараттық технологияларға жоғары баға берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов және Беларусь Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы В.Сукало  Алматы қалалық сотына келді.

Экскурсия барысында Беларусь Республикасы жоғары сот органының басшысы қалалық соттың сот өндірісіне енгізілген заманауи ақпараттық технологиялармен танысты. Атап айтқанда, «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «Тыңдалған істердің тізімі», «Сот жолдамасы», «Төрелік» ақпараттық жүйесі, сот процесіне қатысушыларды sms-хабарлама және электронды пошта арқылы хабарландыру жүйесі мен гибридті-электронды пошта арқылы «Қазпошта» АҚ және сот органдарының ақпараттық жүйелерінің бірлескен қызметімен, сондай-ақ сот процесін аудио-бейнетіркеу жүйесімен танысты.

Қалалық соттың үлкен залында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен тікелей бейнебайланыс ұйымдастырылды.

Беларусь Республикасы Жоғары Сотының төрағасы В.О. Сукало Қазақстан Республикасының сот жүйесінде заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және қолдануға қатысты жоғары баға берді:

- Мен көргендеріме өте таңмын және бұл келесі ғасырдың әділ соты деп санаймын. Біз мұндай технологияны өзімізде қашан ендіре алатынымызды білмеймін. Мен қазақстандық сот жүйесіне әрі қарай өркендей түсуін тілеймін және біз бұдан үйренуіміз қажет деп санаймын - деді Валентин Олегович.

В.Сукало Қазақстанға «Әкімшілік әділ сот: тәжірибе және проблемалар» атты халықаралық конференцияға қатысуға келді.

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі