Батыс Қазақстан облыстық сотында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған лауазымды тұлғалардың әрекеттерін дәрежелеуге арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, сонымен қатар қалалық прокуратураның, ішкі істер, қаржы полициясы департаментерінің өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелді» ашқан облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта облыс соттарында аталған санаттағы 27 іс қаралғандығын атап көрсетті. Ағымдағы жылдың 6 айында 40 адамға қатысты 24 қылмыстық іс үкім шығарыла отырып қаралған. Олардың ішінде 39-ы сотталып, бір кісі ақталған. 2014 жылы бірінші жартыжылдықта сотталғандардың сегізі полиция қызметкерлері болса, 26 – сы мемлекеттік қызметшілер, бесеуі кәсіпкер.

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Н.Ділдәбеков 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта облыс соттарында қаралған сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істердің сот тәжірибесіне тоқталды. «Қаралған қылмыстық істердің сот тәжірибесін зерделеу көрсеткендей алдын ала тергеу органдары лауазымды тұлғалар жасаған мұндай  қылмыстарды дұрыс дәрежелей бермейді» - деп атап өтті.

Осы мәселе бойынша прокуратураның, қаржы полициясының, ішкі істер департаментінің  өкілдеріде сөз алып, баяндамалар жасады.

"Дөңгелек үстелді" қорытындылай келе оған қатысушылар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған лауазымды тұлғалардың әрекеттерін дәрежелеуге арналған кезде заң нормаларын қолдануда туындайтын мәселелердің алдын алу бағытында одан әрі ықпалдаса жұмыс жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі