Балықты заңсыз аулағаны үшін шетел азаматтары қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігінің 1), 2), 4), 5) тармақтары және 392-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған Ю.Нурадил, Д.Мадияр және А.Газиз есімді Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушылар өз қылмыстарын, яғни Қазақстан Республикасының шекарасын (Каспий теңізінің акваторийін) заңсыз кесіп өтіп, тұқымы күн санап сиреп бара жатырған бекіре балықтарын заңсыз аулағандарын толық мойындады.

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотының 2015 жылғы 3 маусымдағы үкімімен жоғарыда аталған баптардың жиынтығы бойынша заңсыз балық аулаушыларға түпкілікті 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, сотталғандар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Салмағы 11,2 кг. бекіре балығы, 1,9 кг. қара уылдырық және қылмыс құралдарынан тұратын айғақ заттар мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.       

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі