Астаналық сот марқұмның отбасының пайдасына моральдық залалды өндіріп берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық сотына сотқа дейінгі іс жүргізу органдары жәбірленуші деп таныған У.-дың әпкесі, жұмыс берушіден У.-дың өмірі мен денсаулығына келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен жүгінді.

2014 жылғы 17 шілдеде У. тұрғын үй кешенінде бағандарға қалыптарды орнату кезінде 8-ші қабаттан құлап, ауыр жарақат салдарынан сол жерде көз жұмды.

Марқұм ЖШС-мен еңбек қатынасында тұрған және қауіпсіз жұмыс ортасын  қамтамасыз етпегенінен жұмыс берушінің 100 % -ға кінәлі екені жазатайым оқиғаның актісінде анықталған.

Сотта жұмыс берушінің жұмыстың периметрі бойынша биіктікте уақытша қорғаныс қоршауын орнатпағаны, сондай-ақ, биіктіктегі өндірістің қауіпсіздік әдістерін меңгермеген жұмысшыны монтаждау жұмыстарын орындауға жол бергені анықталды.

Сот ЖШС-дан талапкердің пайдасына 500 000 теңге көлеміндегі моральдық зиян сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі