Аса ірі мөлшердегі героинді тасымалдаған кінәлі азаматша 15 жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткізген И.Девятованы кінәлі деп тапты.

2015 жылғы қазанда «Қордай» кедендік бекетінде И.Девятованы кеден қызметкерлерімен жеке тексеру барысында жалпы салмағы 11 келіден асатын есірткі заты «героин» оралған полиэтиленді түйіншектер табылып, тәркіленген. Сотталушы И.Девятова оқиға орнында ұсталынған.

Сот И.Девятованы ҚР ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігіне және 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес (аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткізу, аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сақтау, тасымалдау) қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 15 жыл бір ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі