Алматы облысында жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотында дөңгелек үстел үстінде судьялар жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың мәселелерін талқылады.

Талқылауға облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары, прокуратура, Мемлекеттік кірістер департаменті және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Мәжіліс модераторы – облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Советхан Сакенов.

Іс-шара барысында жалған кәсіпкерлік және контрагент түсінігі, көрсетілген санаттағы істер бойынша кассациялық тәртіпте сот актілерінің күшін жою себептері туралы баяндамалар оқылып, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстармен байланысты қылмыстық істерді қарау кезіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды.

Сондай-ақ, Талғар аудандық сотының судьясы Еркебулан Келемсеитов өз баяндамасында: «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар бойынша сотпен қаралған қылмыстық істердің талдауы, сотқа дейінгі тергеу органдары айыпталушылардың әрекетін дұрыс сараламау жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтың қалған қатысушыларын, дәлірек айтқанда салық төлеуден жалтарған жалған кәсіпкерлік контрагенттерін жауаптылықтан шеттететінін көрсетеді»,-деп атап өтті.

Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Евгений Довганюк сөз сөйлеген кезде, жалған кәсіпкерлік туралы істерді тергеп-тексеру барысында туындайтын күрделі мәселелер туралы айтты. Соның ішінде жалған мәмілені дәлелдеу, жалған кәсіпкерлік туралы істі тергеп-тексеру барысында күдіктінің әрекетін саралау бойынша, контрагент-сатып алушының салықты төлеуден жалтаруын дәлелдеу шегі туралы айтып өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар талқыланған санаттар бойынша істерді қарау және тергеп-тексеру кезіндегі алгоритм мен ұсыныстарды әзірледі.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі