Алматы облыстық сотында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотында кеңсе басшысы М.Борашевтың басшылығымен мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті.

М.Борашев өз сөзінде: «Мемлекеттік қызметшілер күнін Қазақстанда атап өту мемлекеттік қызмет беделінің артуына ықпалын тигізеді. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы одан үлкен жауапкершілікті, өзін-өзі тұрақты бақылауды және төзімділікті қажет етеді. Азаматтардың мемлекеттік билікке деген көзқарасы және өмір сүру деңгейі мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасына  тікелей байланысты», - деп атап өтті.

«Осы мереке күні Сіздердің жұмыстарыңызға табандылық, мақсаттарыңызға жету жолында жігерлілік, шешім қабылдауда даналық, шығармашылық табыс және жеңіс тілеймін», - деген Манас Серікұлы сот мамандарын мемлекеттік қызметтің қалыптасуы және дамуы ісіне қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапаттады. 

Естеріңіге сала кетейік, «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» ҚР Президентінің Жарлығына 2013 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес 23 маусым – Мемлекеттік қызмешілер күні деп белгіленді

 

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі