Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының Қапшағай қалалық соты Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы – мемлекеттік инспектор А.Шабанбаевты алаяқтық жасағаны үшін соттады.

Сотта анықталғандай, А.Шабанбаев ресімдеу қызметтері тегін жүзеге асырылатына қарамастан, шағын көлемді кеменi  жыл сайынғы техникалық тексеруден кедергісіз өткізіп беруді  сылтауратып,  азаматша М-нен 75 000 теңге көлемінде ақша алған, сондай-ақ құжаты жоқ қайықты ресімдеуге жәрдем көрсету  үшін азаматша О-дан 40 000 теңге ақша қаражатын алған.

Сот үкімімен А.Шабанбаев Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2, 3-тармақтарына сәйкес (екі тұлғаға қатысты жасалған алаяқтық) кінәлі деп танылды.  Оның мүлкі тәркіленіп, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі