Ақтөбеде жол-патрульдік инспекторына қатысты үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе қаласының №2 сотында жол-патрульдік инспекторы Д.Дүйсенбайға қатысты үкім жарияланды.

Айыптау актісіне сәйкес, Ақтөбе қаласының Ішкі істер басқармасының жол-патрульдік батальонының полиция қызметкері лауазымын атқара тұра, ол ағымдағы жылғы 5 және 6 мамырда азамат В.Бурячковтан 40 000 теңге көлемінде пара алған. Осылайша, мемлекеттiк қызметке және мемлекеттік басқару мүддесіне қайшы келетін сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылық қылмысын жасаған.

Сот үкімімен Д.Дүйсенбай сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөліміне сәйкес (пара алу) кінәлі деп танылды. Оған параның алпыс еселенген мөлшері – 2 400 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі