Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінде сот орындаушыларымен жұмыс кездесуі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сарымсақов Әділет департаментінің өкілдері және сот орындаушыларымен өзара электронды ақпараттық әрекеттесу мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кездесуін өткізді.   

Жұмыс кездесуіне Ақмола облысы Әділет департаменті басқармасының өкілдері Қ.Шаймерденов, М.Байғожина, С.Хамзин,  жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Ж.Әбілқасымова, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.

Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сарымсақов «Төрелік» ақпараттық жүйесі мен атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі электронды өзара әрекеттесу мәселелерін талқылауда диалогтың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Д.Сарымсақов өз сөзінде Жоғарғы Сот Әділет министрлігімен бірлесіп іске қосқан сервистерді айта келе, атқарушылық парақтарды электронды түрде орындауға жолдау кезінде туындайтын мәселелерді талқылау қажеттілігін атап өтті.

Кездесуде атқару құжаттарын негізсіз қайтару, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың тарапынан атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту себептері талқыланып, мәселелер шешімін тапты. 

Жергілікті соттардың кеңсе меңгерушілерінің қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша атқару құжаттарын жолдаған кезде туындайтын мәселелер бойынша баяндамалары тыңдалды. Әділет департаменті және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің тіркеу, атқару парақтарын бөлу мен сот актілерін орындау бойынша баяндамалары талқыланды.

Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Қ.Жоламанова кездесу қатысушыларымен өзара іс-қимыл мәселелерін шешу және алдағы уақытта жұмыс сапасын арттыру бойынша ұсынымдарды талқылады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі