Жоғарғы Cот судьялары Сот төрелігі Академиясының тыңдаушыларымен әкімшілік істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді талқылады
Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының судьялары Талғат Баратбеков, Бейбіт Шермұхаметов, Денис Шипп және Нұржан Жолдасбеков арнайы ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» жұмысына қатысып, Сот төрелігі академиясының тыңдаушылармен бірлесіп, әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.