Архив событий

26/08/2022

Өзімен жалдау шарты жасалған тұлға зиянды өтеуге тиіс

26/08/2022

Жауапкер (ЖШС) талап қоюшыдан тұрғын емес үй-жайды жалға алды. Жасалған шарт бойынша жалға алушы өрт, электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жалға алынған үй-жайларда техникалық құралдар мен жабдықтарды дұрыс пайдалануға толық жауапты болады (6001-22-00-3гп/252).

Бірақ, екі аптадан кейін үй-жайда өрт болды.

Залалды бағалау бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құны 18 млн. теңгеден асты.