Архив событий

02/08/2022

Наиль Ахметзакиров жұмыс сапарымен Абай облысының соттарында болды

02/08/2022

Семейде қолданыстағы 6 аудандық соттан бөлек, облыстық сот пен мамандандырылған экономикалық, қылмыстық және тергеу соттарын құру көзделіп отыр.

Жоғарғы Сот Департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров бірқатар кездесулер өткізді, жаңадан құрылатын соттарға қажетті кеңсежайлар мен облыстық соттың жаңа ғимараты салынатын жер телімін қарап шықты.

Наиль Ахметзакиров облыс әкімі Нұрлан Уранхаевпен кездесу кезінде өңірдің жаңа соттарына келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.