Архив событий

12/08/2022

Кассация шетелдікті ел аумағынан шығарып жіберу туралы полиция арызын қанағаттандырмады

12/08/2022

Қалалық полиция басқармасы шетелдікті ел аумағынан шығарып жіберу туралы арызымен сотқа жүгінген (6001-22-00- 3ГП/275). Арыз қанағаттандырылып, шетелдікке 7 күн ішінде ел аумағынан шығып кетуге мерзім берілген. Сот шешімі жауапкердің 2022 жылғы ақпанда жол қозғалысы ережесін бұзғаны (ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі) үшін жауапқа тартылғанына негізделген.

Жауапкер сот шешімімен келіспей, кассацияға жүгінген.

Кассация келесі негіздер бойынша сот актісінің күшін жойды.

Жауапкер жалдау шарты бойынша тұратындықтан оны пәтерден шығаруға болмайды

12/08/2022

Аудан әкімі жауапкердің өз еркімен қоныстанғанын және заңсыз тұратынын көрсете келіп, оны даулы пәтерден шығару туралы талап қойып, сотқа жүгінді. Жауапкер болса осы пәтерде 20 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз тұратынын және оны күтіп-ұстау шығындарын көтеріп отырғанын айта келіп, жалдау шартын жарамды деп тануды сұрады 6001-22-00-3ГП/274). Коммуналдық төлемдер бойынша шамалы қарыз емделуге байланысты пайда болған және ол осы қарызды сот шешімі шыққанға дейін төлеген.