«Сот кабинеті» сервисінің тұтынушылары сотқа сенімхатты енді электронды түрде жолдай алады
Енді сенімхатты ресімдеу үшін тараптардың өз өкіліне өкілеттік беру үшін нотариусқа баруының қажеті жоқ. Интернет желісіне қолжетімділік пен электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті.
Сенімхат қалыптастыру үшін Сот кабинетінде авторизациядан өткеннен кейін «Электрондық сенімхат» бөліміне өту қажет. «Сенімхат» ашылған бетте «Қосу» батырмасын басып, сенімхат нысанын, соның ішінде өкілдің деректерін толтыру қажет. ЖСН арқылы өкілдің жеке деректерін жеке тұлғалардың мемлекеттік базасынан автоматты түрде толтыруға болады.