
Хабарландыру
Тағылымдамадан өтуге рұқсат берілген тұлғалардың тізімі:
Алматы қаласы бойынша:
Ельчибаева Зейнеш Бахытжановна
Бибатыров Аян Асылбайулы
Мадиева Гульсара Кайдаровна
Нурболулы Азат
Сраилов Толебек Турапулы
Танатбаев Абдрахим Ергалиевич
Шалабаева Гаухар Максутовна
Шымкент қаласы бойынша:
Мынбатыров Нурсултан Газизович
Саденов Мырзабек Асанович
Қостанай облысы бойынша:
Абилгазинов Жандос Магауияевич
Рахимбай Канат Толубаевич
Урузбаев Абай Какимханович
Хасенова Коркем Тулкибаевна
Павлодар облысы бойынша:
Жигампар Алтынай Михайловна
Карагасекова Самал Гайсановна
Силантьева Юлия Вячеславовна
Сулейманова Бахытгуль Кабдукаметовна
Маңғыстау облысы бойынша:
Султанов Байбол Жармухаметович
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
Павкина Анна Григорьевна
Түркістан облысы бойынша:
Алимбеков Нурсултан Мекембаевич
Хабарландыру
Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтініш берген тұлғалардың тізімі
- Абилгазинов Жандос Магауияевич
- Алимбеков Нурсултан Мекембаевич
- Бибатыров Аян Асылбайулы
- Ельчибаева Зейнеш Бахытжановна
- Жигампар Алтынай Михайловна
- Карагасекова Самал Гайсановна
- Мадиева Гульсара Кайдаровна
- Мынбатыров Нурсултан Газизович
- Нурболулы Азат
- Павкина Анна Григорьевна
- Рахимбай Канат Толубаевич
- Саденов Мырзабек Асанович
- Силантьева Юлия Вячеславовна
- Сраилов Толебек Турапулы
- Сулейманова Бахытгуль Кабдукаметовна
- Султанов Байбол Жармухаметович
- Танатбаев Абдрахим Ергалиевич
- Урузбаев Абай Какимханович
- Хасенова Коркем Тулкибаевна
- Шалабаева Гаухар Максутовна
Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтініш берген тұлғаның іскерлік және адамгершілік қасиеттерін сипаттайтын мәліметтер бар болған жағдайда 707-0058@sud.kz электрондық адресіне жолдауды сұраймыз.
18.10.2023ж. жарияланды
Хабарландыру
Судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін бос орындарды бөлу туралы
Қазақстан Республикасының Жоғары Соты судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін бос орындарды бөлу туралы хабарлайды:
Алматы қаласы бойынша – 3 орын
Шымкент қаласы бойынша – 1 орын
Алматы облысы бойынша – 2 орын
Атырау облысы бойынша – 2 орын
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 1 орын
Жамбыл облысы бойынша – 2 орын
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 4 орын
Қостанай облысы бойынша – 3 орын
Қызылорда облысы бойынша – 3 орын
Маңғыстау облысы бойынша – 3 орын
Павлодар облысы бойынша – 1 орын
Түркістан облысы бойынша – 2 орын
Абай облысы бойынша – 2 орын
Жетісу облысы бойынша – 2 орын
Ұлытау облысы бойынша – 2 орын
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 2-4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтар тағылымдамаға жіберіледі.
Тағылымдамадан өту судья лауазымына кандидаттың тұратын жері бойынша тіркелген облыс, астана және республикалық маңызы бар қалалар аумағындағы жергілікті соттарда жүзеге асырылады. Тұрғылықты жері бойынша тағылымдамадан өту үшін бос орындар болмаған жағдайда, кандидат басқа облыс, астана және республикалық маңызы бар қалаларда бос орындар болған кезде тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен Тағылымдамадан өтуге адамдарды іріктеу жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жүгінуге құқылы.
Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адамдар Комиссияға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүгінеді.
Өтінішке мынадай құжаттар:
1) Фотосуреті бар кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;
2) өмірбаян (өз қолымен жазылады);
3) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) жоғары заңгерлік білімі туралы дипломның және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
6) соңғы жұмыс орнынан алынған бірінші басшы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қойған, ұйымның мөрімен бекітілген қызметтік мінездеме (Мінездемені ұсыну мүмкін болмаған жағдайда оның себептері көрсетілген түсініктеме ұсынылады);
7) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама № 075-У нысан), сондай-ақ заңнамалық тұрғыда белгіленген тәртіпте берілген психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепке тұрмағаны туралы анықтамалар;
Барлық ұсынылған құжаттарда қол қойылуы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – шығыс нөмірі мен күні болуы тиіс.
Медициналық анықтама берілген немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды.
Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адамдар Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігіне құжаттарды Астана қаласы, Қонаев көшесі, 39-үй мекенжайы бойынша қолма-қол немесе пошта немесе электрондық түрде 707-0058@sud.kz поштасы арқылы ұсынады.
Құжаттарды электронды түрде электронды мекенжайға жолдаған кезде, олардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынылу қажет. Ұсынылмаған жағдайда, тағылымдамадан өтуге жіберу туралы құжаттар Комиссиямен қаралмайтын болады.
Анықтама үшін телефондар: 8(7172) 71-00-58.
Қазақстан Республикасының Жоғары Соты
02.10.2023 ж. жарияланған