

Сыбайлас жемқорлықты жою-сот жүйесін реформалаудағы негізгі басымдықтардың бірі.
Судьялар мен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау және олардың алдын алу міндеті Ішкі қауіпсіздік бөліміне (бұдан әрі – ІҚБ) жүктелген.
ІҚБ - бұл Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) тек Жоғарғы Сот Төрағасына және Департамент басшысына бағынатын және есеп беретін дербес құрылымдық бөлімшесі.
ІҚБ-нің ІҚБ-не тікелей бағынатын соттар әкімшілерінің құрылымына кіретін тиісті аумақтық бөлімшелері бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимылда жүргізіледі.
Соттардағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарламаны кез келген нысанда беруге болады:
- Жоғарғы Соттың Кеңсесіне
тел: +7(7172) 71-03-19, мекенжайы: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 39.
- Сот кабинеті арқылы
- электрондық почта мекенжайына: anticor@sud.kz
- сенім телефоны бойынша: +7(7172) 71-03-00
- Сall-орталыққа: 1401, +7(7172) 71-00-00
Соттарда сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағысы келетін азаматтарды жеке қабылдауды ІҚБ қызметкерлері күн сайын жұмыс күндері сағат 09-дан 17-ге дейін Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 39 мекенжайы бойынша жүргізеді.