Жаңалықтар

Жоғарғы Сот: жергілікті соттардың актілерінің күші жойылды, талап қоюшының талаптары орынды деп танылды

29/11/2023

2022 жылдың мамырында талап қоюшы  Тұрғын үй басқармасына 2011 жылдың мамырынан бастап, яғни олар арыз берген сәттен бастап кезекке қойылмаған бөлігінде тұрғын үй алу кезегінің бұзылғанын көрсетіп жүгінді. Алайда талап қоюшы 2019 жылдың ақпанында ғана кезекке тұрған.

№6001-23-00-6ап/657

Тұрғын үй басқармасы талап қоюшыны 2011 жылғы 17 мамырдан бастап тұрғын үйге кезекке қоюдан бас тартты.

Талап қоюшы сотқа жүгініп, Тұрғын үй басқармасының әрекеттерін заңсыз деп тануды, оны 2011 жылғы 17 мамырдан бастап тұрғын үйге кезекке қоюды талап етті.

Халықаралық Жоғарғы Сот Кеңесі алқабилер сотының классикалық моделіне көшуді ұсынады

27/11/2023

Асламбек Мерғалиевтің төрағалығымен Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін ғалымдар мен сарапшыларды тарта отырып, алқабилер сотының классикалық моделін және «amicus curiae» институтын енгізу мүмкіндігі туралы ұсыныс мақұлданды.

Аталған іс-шарада сөз алған А. Мерғалиев Мемлекет басшысы тиімді сот төрелігі ерекше орын алатын әділ қоғамды қалыптастыру қажеттілігіне ерекше назар аударатынын атап өтті.

Мәміле мемлекет алдындағы міндеттемелерден жалтаруға байланысты жарамсыз деп танылды

24/11/2023

К. 2017 жылы сот үкімімен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған. Қылмыстық іс шеңберінде мемлекеттік орган сотталған адамнан 5,8 млн теңге өндіріп алу туралы талап қойды. 2019 жылғы 29 қарашада бұл сома мемлекет пайдасына азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен К-ден және басқа да адамдармен бірлесіп, өндіру туралы шешім шығарылған.

6001-23-00-3ГП/399
2018 жылдың жазында К. аукционда 5,2 млн теңгеге өндірістік цехтар мен жер учаскесі бар қойма үй-жайларын сатып алған. Ол 2019 жылдың 24 шілдесі мен 9 желтоқсанында ол оларды Т.-ға сатқан.

Финляндия Әділет канцлері Жоғарғы Сотта болды

24/11/2023

Жоғарғы Сотқа Финляндия Әділет канцлері Томас Поюсти келді. Сондай-ақ кездесуге Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Сойли Мякельянен-Буханист қатысты.

Үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттеріне байланысты онлайн-кредит алу қарыз алушыны міндеттемелерден босатпайды

20/11/2023

Қарыз алушы сотқа қарыз шартын жарамсыз деп тану туралы ХҚҰ-ға талап қоюмен жүгінген.

6001-23-00-3ГП/415

Талаптар сотталғандар Е. және Н. талапкерден алаяқтық жолмен жеке куәлікті алып, оның атынан даулы қарыз шартын жасағандығына уәжделген.

Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандырған. Даулы шарт жарамсыз деп танылған.

Бұл ретте АПК-ның 76-бабының 3-бөлігіне сәйкес сот үкімінің преюдициалдық сипатын айқындай отырып, талапкердің даулы мәміле жасасуға ерік білдірмеуі және оны алдаудың ықпалымен жасауы туралы тұжырымдар уәжді.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының өкілдері Жоғарғы Сотта болды

20/11/2023

Жоғарғы Сотқа Ерікті жарналар қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Азита Берар Авад бастаған адам құқықтары саласындағы техникалық ынтымақтастық үшін ерікті жарналар қорының қамқоршылар кеңесінің делегациясы келді. Кеңес – БҰҰ институттарының бірі болып саналады.

Банктің мүліктік мүдделері қалпына келтірілді

16/11/2023

Жоғарғы Сот "First Heartland Jusan Bank" АҚ-ның (одан әрі – Банк) "БИПЭК АВТО ҚАЗАҚСТАН" АҚ-на, "ОНК" ЖШС-на "АЗИЯ АВТО Қазақстан"АҚ-ның 899 999 акциясын сатып алу-сату туралы шартты жарамсыз деп тану туралы кассациялық өтінішхатын және талап қоюын қанағаттандырды.

Дау "БИПЭК АВТО ҚАЗАҚСТАН" АҚ-ның қарыз қаражатын Банкке қайтару жөніндегі міндеттемелерін орындамауымен байланысты туындаған.

2013-2019 жылдары бас кредиттік келісімдер шеңберінде "БИПЭК АВТО ҚАЗАҚСТАН" АҚ Банкімен, "АЗИЯ АВТО Қазақстан" АҚ-мен келісіммен қарыз қаражатын алған.

Кәсіпкерлік қоғамдастықтың судьялар корпусымен кеңейтілген кездесуі өтті

15/11/2023

Бүгін Жоғарғы Сотта әкімшілік әділетті кеңейту және бизнесті қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар кәсіпкерлік қоғамдастықтың судьялар корпусымен кеңейтілген кездесуі барысында талқыланды.

Мемлекет басшысы басым міндеттер қатарында құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету, жеке меншікті және бизнестің заңды мүдделерін қорғау мәселелерін бірнеше рет атап өткен болатын.

Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

14/11/2023

Мемлекет басшысына сот жүйесінің қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берілді.

Асламбек Мерғалиев  Президенттің дербес кассациялық инстанция құру үшін консультациялар өткізу туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады. Заңгерлермен, ғалымдармен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және Парламент палаталарының депутаттарымен бірлесе талқылау жұмыстары жүргізіліп, соның негізінде елордада (қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша) үш кассациялық сот құру моделіне оң баға берілді.

Беттер