Жаңалықтар

Жоғарғы Сотта Танзания делегациясын қарсы алды

07/11/2023

6 қарашада Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров Танзанияның сот жүйесінің делегациясын қабылдады.

Қонақтардың сапарында негізгі мәселелердің бірі ІТ-саласындағы тәжірибемен алмасу болды.

Дүниежүзілік Банк жобасының шеңберінде алғашқы кездесу осыдан 5 жыл бұрын болды. Шетелдік әріптестерді судьяларды іріктеу жүйесіндегі жаңалықтар, медиацияның дамуы, цифрлық сот төрелігі қызықтырды.

Қазіргі кезде Танзанияда қазақстандық ЖС ахуалдық орталығының тұжырымдамасына негізделген Сот жүйесінің ахуалдық орталығы құрылуда.

АХҚО сотының және ХТО басшылығымен кездесу

03/11/2023

Жоғарғы Сотта «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) сотының және Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) басшылығының делегациясы болды.

Қонақтармен жоғары сот органының басшысы Асламбек Мерғалиев, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов және Сот әкімшілігінің Басшысы Наиль Ахметзакиров кездесті.

Сапардың мақсаты АХҚО сотының жаңа төрағасымен танысу болды. Мемлекет басшысының 1 қарашадағы Жарлығымен Англия мен Уэльс Сотының бұрынғы төрағасы Лорд Бернетт осы лауазымға тағайындалды.

Жоғарғы Соттың жалпы отырысы өтті

03/11/2023

Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді. Іс-шараға Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, ғалымдар, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Бас прокуратураның, Мемлекеттік кірістер комитеті мен адвокатураның өкілдері қатысты.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес нормативтік қаулылардың (НҚ) екі жобасы қабылданды. 

Қытайдың 1-ші заң форумында – Орталық және Оңтүстік Азия

02/11/2023

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов пен Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов «Қытай – Орталық және Оңтүстік Азия» атты 1-ші заң форумының жұмысына қатысты. Қытайдан басқа Орталық және Оңтүстік Азияның тағы 7 елін біріктірген іс-шара Қашғар қаласында (ҚХР) өтті.

Әкімдіктің өкілеттігіне өтінішті қарау кірмеген

02/11/2023

Әкімдік 2022 жылы «№2 учаскенің орамішілік алаңдарын санитарлық тазарту» мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялады.  Тапсырыс беруші - әкімдік. Ұйымдастырушы - Активтер басқармасы.

№ 6001-23-00-6ап/352 

Лот бойынша «А» ЖШС конкурстың жеңімпазы болып, ал 2-ші орынды алған «Т» ЖК әлеуетті өнім беруші болып танылды.

Басқа әлеуетті өнім беруші «Б» ЖШС Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне веб-портал арқылы шағым, ал кейінірек азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы Е-otinish арқылы шағымға толықтырулар жіберді.

Соттар сенім құқығын қорғау қағидатын қолданды

31/10/2023

Астаналық 2002 жылы «Пәтер бюросы» МКК-мен жасалған жалдау шарты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерде тұрған.

6001-23-00-6aп/725

Жалдау шарты жыл сайын қайта жасалған, ал соңғы жағдайда 2020 жылдың қазан айында жалдау шарты одан әрі ұзартылған. Астаналық 2022 жылғы сәуірде кезекті рет өтінішпен жүгінген кезде, тұрғын үй мәселелерін қарау жөніндегі комиссия өтініш берушіге оның бюджеттік ұйымның қызметкері болып табылмайтынына сілтеме жасай отырып, шартты ұзартудан бас тартқан. 

Астаналық осы шешім бойынша сотта дауласты.

Қазақстан Сот әкімшілігінің басшысы IAСA вице-президенті болып сайланды

30/10/2023

Қазақстанның халықаралық ұйымда басшылық қызметтегі өкілдігі ерекше маңызды және елдің сіңірген еңбегін мойындау болып саналады.

Биылғы жылы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығы (IACA) Буэнос-Айрестегі конференциясын «Сот төрелігіне қолжетімділік, өзгермелі әлемдегі әкімшілік қызмет және инновациялар» тақырыбын талқылауға арнады.

Оның жұмысына Қазақстан делегациясы қатысты, оның құрамында Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов болды.

ЖШС-нің көрсетілген қызметтерді қабылдау және олардың құнын төлеу туралы талаптары негізді

30/10/2023

Кәсіпорын (Тапсырыс беруші) және ЖШС (Өнім беруші) арнайы мақсаттағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық есептілік аудитін және арнайы мақсаттағы аудитті жүргізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан. Шарт сомасы – 1 800 000 теңге, орындалу мерзімі – 30 күнтізбелік күн.

6001-23-00-3ГП/307

Жоғарғы Сот Төрағасының Республика күнімен құттықтауы

24/10/2023

Құрметті оқырмандар!

Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтауды қабыл алыңыздар!

Мемлекеттік егемендік туралы Декларация еліміздің Тәуелсіздігінің негізін қалады. Бұл – шын мәнінде тарихи құжат.

Жаңа мемлекеттің дамуының және оның әлемдік аренада танылуының негізгі векторы – ұлттық бірлік, бірігу және конфессияаралық келісім болды.

Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жаңа міндеттер мен реформалар бізден сот қызметін жетілдіруді, азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды және қоғамның сенімін нығайтуды талап етеді.

Беттер