Архив событий

10/08/2022

Нұрсұлтан Байтілесов жұмыс сапарымен Ұлытау облысының соттарында болды

10/08/2022

Жоғарғы Сот Департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов Жезқазған қаласында бірқатар кездесулер өткізіп, жаңадан құрылған соттар орналастырылатын ғимараттарды аралап көрді.

Жаңа облыс орталығында жұмыс істеп тұрған 4 соттан басқа облыстық және 4 мамандандырылған – экономикалық, қылмыстық, тергеу және әкімшілік сот құрылатын болады.

Н.Байтілесов облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлымен кездесу кезінде өңір соттарына келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.