Архив событий

22/08/2022

Жоғарғы Сот волейболшылары республикалық спартакиадада жүлделі екінші орынды иеленді

22/08/2022

Жоғарғы Соттың командасы мемлекеттік органдар арасындағы республикалық спартакиадаға қатысты. Іс-шараны Мәдениет және спорт министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бірлесіп ұйымдастырды.

Ағымдағы жылғы 19-21 тамыз аралығында 23 мемлекеттік органның қатысушылары Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында футзал, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және бильярд секілді спорттың алты түрінен өзара бақ сынасты.

Алиментті кешіктірсеңіз – айыппұл төлейсіз

22/08/2022

Талапкер төленбеген алименттің әрбір кешіктірілген күні үшін жауапкерден тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу мақсатында сотқа жүгінген. Талап арызда жауапкердің алимент төлеуден жалтаруы салдарынан 3 млн теңгеден астам қарыздың пайда болғаны айтылған. Оның 1 миллионнан астамы 2017 жылы, 2 миллион теңгеден астамы 2021 жылы сот қаулысымен белгіленген. 2015 жылдан бастап қызын кәмелеттік жасқа толғанға дейін асырап-бағу мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін 6 млн теңгеге жуық тұрақсыздық айыбын өндіріп беруді өтінген (Істің № 6001-22-00-3ГП / 261).