Архив событий

15/08/2022

Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту анықталды

15/08/2022

К.Галимов құрамында есірткісі бар қарасораны ірі мөлшерде өсіргені үшін (ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы) кінәлі деп танылған. Оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотталған адам мен оның адвокаты үкіммен келіспей, кассацияға жүгінді.

Жоғарғы Сот істі қарап, сотталушының әрекеті дұрыс сараланбаған деген тұжырымға келді.

Қылмыстық қудалау органдары Галимовті 24 қарасора бұтасын өсірді деп айыптаған. Алайда аулада олардың 11-і ғана табылған. Қалған жұлынған 13 бұта дәретханадан табылған.