Архив событий

03/08/2022

Заң бұзушылықтар мәліметтердің болмауына байланысты орын алды

03/08/2022

Әділет департаменті 2021 жылдың ақпан айында ЖШС-нің шағымы бойынша жеке сот орындаушысының (ЖСО) қызметін тексерді және екі атқарушылық іс жүргізу – ЖШС-дан берешек пен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша заң бұзушылықтарды анықтады. Олар бойынша ЖСО атқарушылық құжаттарды орындаған және өз қызметінің ақысы ретінде 2 млн. теңгеден астам қаражат алған. Сондықтан Департамент Әділет министрлігіне ЖСО-ны лицензиясынан айыру туралы ұсыну енгізді.

Ақтау үкімі күшінде қалды

03/08/2022

Тергеу органдары 2021 жылы Е. Чубарды зорлау фактісі бойынша (ҚК-нің 120-бабының 1-бөлігі) айыптаған.  Сол жылы сот оны тағылған айып бойынша кінәлі емес деп танып, ақтаған.

Е.Чубарға қатысты іс прокурордың наразылығы бойынша кассацияда қаралды. Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы іс материалдарын зерделеп, төменгі сот сатысының тұжырымдарымен келісті.