Архив событий

11/08/2022

Әкімшілік әділеттің алғашқы жылында атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылды

11/08/2022

Жоғарғы Сот GIZ, ABA ROLI және Әділет министрлігінің қолдауымен Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекс шеңберіндегі жұмыстың алғашқы жылының қорытындысын талқылады. Форумға әкімшілік әділет саласындағы 250-ден астам сарапшылар, заңгерлер, ғалымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

11/08/2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасының еліміздегі сот төрелігінің қазіргі ахуалы туралы баяндамасын тыңдады.

Жақып Асанов қылмыстық процесте ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша ақтау үкімдерінің саны 7 есе артқанын жеткізді. Құқық қорғау органдары қамауға алуға қатысты әрбір бесінші іске санкция ала алмаған. Әрбір үшінші шағым бойынша соттар тергеушілер мен прокурорлардың әрекеттерін заңсыз деп таныған.