Архив событий

19/08/2022

Дәлелдемелер болмағандықтан, талап арыз қанағаттандырылмады

19/08/2022

Талапкер жеке сот орындаушысының (ЖСО) атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту жөніндегі заңсыз әрекеттерінің салдарынан жан азабын тартқанын айта келе, оның үстінен моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген (6001-22-00-3ГП/265).

Бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандырудан бас тартқан.

Апелляция сот шешімін өзгертіп, талапкердің талаптарын ішінара қанағаттандырған. Осы орайда ЖСО-ның атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартуының салдарынан  талапкердің жеке мүліктік емес игіліктеріне қатысты құқықтары бұзылды деген тұжырым жасаған.