Жоғарғы Сот

Сот Әкімшілігі басшысының жұмыс кестесі

11/12/2023

Өткен аптада Сот әкімшілігі басшысының қатысуымен бірнеше ведомствоаралық іс-шара өтті.

5 желтоқсанда Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне және БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясының 20 жылдығына орайластырылған «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: тәжірибе және перспевтикалары» атты форумда өзекті мәселелерді талқылауға қатысты.

«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» Жоғарғы Соттың Төрағасы А.Мерғалиевтің кеңейтілген сұхбатын жариялады

08/12/2023

Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттеріне берген сұхбатында елімізде сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформа туралы жан-жақты әңгімелеген.

Асламбек Мерғалиев сот реформаларының негізгі бағыттары туралы айтып берді

07/12/2023

Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев "Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі.

Ол өз баяндамасында Президент тиімді сот төрелігі мен азаматтардың құқықтарын қорғау ерекше орын алатын қоғамда әділеттілік пен тәртіпті орнату тақырыбына үнемі назар аударатынын атап өтті. Олар сот реформаларының негізгі векторлары деп аталады.

Жоғарғы Соттың жалпы отырысы өтті

07/12/2023

Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Жоғары Сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді.

Іс-шараға сот алқаларының төрағалары мен Жоғарғы Сот судьялары, ғалымдар, ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Бас прокуратура, ІІМ және адвокатура өкілдері қатысты.

Жалпы отырыста азаматтық және азаматтық процестік  заңнамасы, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама бойынша НҚ-ға түзетулер енгізілетін  нормативтік қаулылар (НҚ) қабылданды.

Адам құқықтары жөніндегі V Еуразиялық форумы

05/12/2023

Сот төрелігі академиясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына орай «Адам құқықтары және оларды қорғау: теория, шындық және даму тенденциялары» атты V Еуразиялық форум өткізді.

Іс-шараға Конституциялық, Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Сот әкімшілігінің, Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Қазақстан, Әзірбайжан, Венгрия, Германия, Ресей және Өзбекстанның заң, сондай-ақ ғылыми қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Қазақстан делегациясы Германияның конституциялық-құқықтық реформалары бойынша тәжірибесін зерделеді

01/12/2023

Қазақстан делегациясы неміс тарапының шақыруы бойынша биылғы 26 қараша мен 1 желтоқсан аралығында “Конституциялық құқық бойынша тәжірибе алмасу» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Германияда бірқатар кездесулер өткізді.

Қазақстандық делегацияның құрамында Жоғарғы Соттың, Жоғары Сот Кеңесінің және Конституциялық Соттың төрағалары Асламбек Мерғалиев, Денис Шипп және Эльвира Әзімова, Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева, сенаторлар Айнұр Арғынбекова және Евгений Болгерт болды.

Жоғарғы Сот отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушыларға жазаны күшейтуді, «қамаққа алу үйлерін» құруды қолдайды

30/11/2023

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот практикасы мәселелері бойынша кеңес өткізді. Талқылауға Бас Прокуратураның, ІІМ-нің өкілдері, судьялар, ғалымдар мен адвокаттар қатысты.

Жоғарғы Соттың жалпы отырысы өтті

03/11/2023

Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді. Іс-шараға Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, ғалымдар, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Бас прокуратураның, Мемлекеттік кірістер комитеті мен адвокатураның өкілдері қатысты.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес нормативтік қаулылардың (НҚ) екі жобасы қабылданды. 

Қазақстан Сот әкімшілігінің басшысы IAСA вице-президенті болып сайланды

30/10/2023

Қазақстанның халықаралық ұйымда басшылық қызметтегі өкілдігі ерекше маңызды және елдің сіңірген еңбегін мойындау болып саналады.

Биылғы жылы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығы (IACA) Буэнос-Айрестегі конференциясын «Сот төрелігіне қолжетімділік, өзгермелі әлемдегі әкімшілік қызмет және инновациялар» тақырыбын талқылауға арнады.

Оның жұмысына Қазақстан делегациясы қатысты, оның құрамында Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов болды.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде

24/10/2023

ҚР Жоғарғы Сотының судьялары Лаура Ағыбаева, Гүлнар Мергенова және Назгүл Рахметуллина тыңдаушылар ретінде «Қылмыстық сот төрелігі секторындағы әйелдердің көшбасшылығы» курсына қатысты. Оны Будапештте (Венгрия) 2 апта бойы Халықаралық құқық қорғау органдары академиясы (ILEA) өткізді.

Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Косово, Албания және Венгриядан барған судьялар, прокуратура және полиция қызметкерлері де қатысты.

Беттер