Алматы қалалық соты

Алматы қаласы мен Әскери соттар әкімшілерінің басшылары ЖОО-мен және мүгедектер бірлестіктерімен Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

12/10/2017

Алматы қаласының соттар әкімшісінің басшысы Данияр Қырықбаев «Нархоз университеті» АҚ ректоры Кшиштоф Рыбинскимен тиімді әрі нәтижелі іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталған іс-шараға Алматы қаласындағы соттардың және аталған университеттің қызметкерілері қатысты.

Алматы қалалық сотында судьялар Парламент Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғановамен кездесті

03/07/2017

Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов қалалық сот ұжымына арнайы келген мейманды таныстыра келе, билер сотының мүмкіншілігін дамыту және оны кеңінен насихаттау, заң үстемдігі реформасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Алматы, Павлодар, Ақтау және Қостанай соттарында сақтандыру және қылмыстық процестегі азаматтық талап арыз дауларын қарау мәселелері талқыланды

18/05/2017

Алматы қалалық сотында «Сақтандыру туралы заңнаманы қолдана отырып дауларды қараудың сот практикасы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға қатысушылар Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештайдың өмірден мезгілсіз озуына байланысты оны бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасы төрағасының м.а. Е.Нұралиев іс-шараны ашып берді, қалалық сотының судьясы Г.Қожаханова жиынды жүргізді.

Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай жетекші жоғарғы оқу орындарында бірнеше кездесу өткізді

26/04/2017

Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай құқықтық сауаттылық айлығы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінде сот отырысының оқу залының ресми ашылуы салтанатына қатысты.

Алматыда сот қаржы пирамидасының құрылтайшыларына қатысты үкімді жариялады

13/04/2017

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында қылмыстық топ құрамында аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, сонымен қатар, қылмыстық топ құрамында ірі және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған деген айыппен сотқа берілген сотталушылар Р.Зиатдинов, И.Зиатдинов, А.Черненко, Ж.Шакирова, К.Мұхамедиевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алматыда сот жалақы өндіру бойынша жұмысшының құқықтарын қорғады

11/04/2017

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер Ш-ның жауапкер «ОРДА-КК» ЖШС-нен жалақы қарызын өндіру туралы талап арызына сәйкес азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптардың еңбек қатынасында болғандығы анықталды, талап қоюшы бухгалтер қызметін атқарған. Жауапкер талап қоюшыға екі айлық жалақы қарызын төлемей, еңбек заңнамасының талаптарын бұзғандығы туралы анықталды. Жауапкердің талап қоюшыға жалақы төлемеуіне байланысты кінәсі толығымен дәлелденді.

Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин: «Судьяларды іріктеу – үздіксіз жетілдіруді талап ететін және қол жеткізілгенмен шектеліп қана қоймайтын жұмыс»

31/01/2017

Алматы қалалық сотында Алматы қаласы соттарының 2016 жылдың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді. 

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Әбдіқадыров қатысты. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін, электронды сот төрелігін, заң үстемдігі аясында институционалдық реформаларды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша жұмыстарын қорытындылады.

Алматы қаласының соттарында қайта тағайындалған судьяларды таныстырды

10/01/2017

Алматы қалалық сотының төрағасы А. Ештай пленарлық отырысында Алматы қаласының соттарында қайта тағайындалған судьяларды таныстырды

Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының Бурабай аудандық сотының төрағасы лауазымынан бсатыла отырып, Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының судьясы лауазымына Сейдахметов Мақсат тағайындалды. Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып Болат Саида тағайындалды.

Парламент Мәжілісінің депутаттары С.Бычкова және А.Қожахметов Алматы қалалық сотының судьяларымен кездесті

14/10/2016

Алматы қалалық сотында қылмыстық әділет саласындағы заңнамаларды жүзеге асыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету аясында Қазақстан Республикасының қылмыстық,  қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамаларын одан әрі жаңғырту мәселелері бойынша талқылау өтті.

Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай іс-шараны аша отырып, кездесуде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары С.Бычкова және А.Қожахметов, сондай-ақ Алматы қаласының аудандық және оған теңестірілген қылмыстық юрисдикциялық соттарының төрағалары мен судьялары қатысып отырғанын атап өтті.

Беттер