Алматы қаласы мен Әскери соттар әкімшілерінің басшылары ЖОО-мен және мүгедектер бірлестіктерімен Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының соттар әкімшісінің басшысы Данияр Қырықбаев «Нархоз университеті» АҚ ректоры Кшиштоф Рыбинскимен тиімді әрі нәтижелі іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталған іс-шараға Алматы қаласындағы соттардың және аталған университеттің қызметкерілері қатысты.

Іс-шара аясында тараптар өзара ынтымақтастық салаларын анықтады. Оның ішінде -  бірлескен  оқу-білім, тәжірибеден өту  бағдарламаларын іске асыру, өзара  ынтымақтастық аясында іс-шараларды жобалау бар. Тараптар өкілдерінің ғылыми-әдістемелік семинарларда, конференцияларда және басқа да ауқымды іс-шараларда қатысуымен тәжірибе алмасуы көзделіп отыр.

Д.Қырықбаев судьяларды сот мамандарынан іріктеп алу, болашақ судьялар мен сот қызметкерлерін даярлау мәселесіне ерекше назар аударды. Сол себептен меморандумға қол қою білікті маман даярлаудағы маңызды қадам болып табылады. Осылайша студенттердің оқу және өндірістік  тәжірибесін өту барысында болашақ сот жүйесінің мамандарын кәсіпке деген  шын берілгендік рухында даярлап және дайындық дәрежесін айқындау мүмкіндігі артады.

Іс-шара қорытындысында ректор Кшиштоф Рыбински Алматы қалалық сотын жас маман кадрлардя даярлауға үлес қосуға ниет танытқаны үшін алғысын білдірді.

 

Әскери сот әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов және  «Қалаға құқық – инклюзивтік сарапшылар қауымдастығы» республикалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жадырасын Садуақасов Өзара  ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар аталған келісімде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі бағыттардағы басымдақтарды айқындады.  Ынтымақтастық қызмет көрсету орнына дейін физикалық кедергілерді жоюға және олардың балама түрлерін, соның ішінде, үйге шығу арқылы қызмет көрсетуге, сот ақпаратының қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қоса, белгіленген нормаларға сәйкес ғимараттардың қолжетімділігін анықтау және кемшіліктерді жою үшін әскери соттар ғимараттарына бірлескен тексеру жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланған.

Меморандумға сәйкес, әскери сот арыздар немесе жүгінулерді беру үшін соттардың кеңсесіне өз бетімен келе алмайтын мүгедектердің ауызша өтініші бойынша, үйлерге шығу арқылы қызмет көрсетуге жәрдемдеседі. Сонымен бірге, «Сот кабинеті» қызметінің көмегімен сотқа талап арыздарды, шағымдарды, өтініштерді электронды түрде беру мүмкіндігі түсіндірілетін болады.

Бірлестік өкілдері өз кезегінде гарнизондардағы әскери соттар ғимараттарына қолжетімді ортаны қалыптастыру бойынша құрал-жабдықтар орнату кезінде және «Мүгедектерге қолжетімділік қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету және ахуалдық көмек көрсету» нұсқаулығын әзірлеу кезінде кеңестер жүргізетін болады.

Қайнар: 
Алматы облыстық және ҚР Әскери соттардың баспасөз қызметтері