Алматыда сот қаржы пирамидасының құрылтайшыларына қатысты үкімді жариялады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында қылмыстық топ құрамында аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, сонымен қатар, қылмыстық топ құрамында ірі және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған деген айыппен сотқа берілген сотталушылар Р.Зиатдинов, И.Зиатдинов, А.Черненко, Ж.Шакирова, К.Мұхамедиевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушылар Р.Зиатдинов, И.Зиатдинов Ресей Федерациясының азаматтары Р. және Д.-пен алдын ала сөз байласып, Алматы қаласының аумағында «ФинСтатус»ЖШС ашқан. 2015 жылдың шілде айынан бастап, қылмыстық топ «ФинСтатус»ЖШС-ні А.Черненкоға қайта тіркеп, ол ЖШС-нің бірінші басшасы және жалғыз құрылтайшысы болған.  2014 жылдың желтоқсан айынан бастап 2016 жылдың ақпан айына дейін «ФинСтатус» ЖШС-гі екінші деңгейлі банктерде несиесі бар клиенттерден, алынған несиенің 40% соммасын алып, сол алынған соммаға банктен алынған қарызды өсімақысымен қоса толық жабуға міндеттеме алған. Алайда «ФинСтатус» ЖШС-де клиенттердің несиесін жабу туралы міндеттемені орындауға қажетті қандай да бір кіріс табуға бағытталған коммерциялық қызмет атқарылмаған. Клиенттерден заңсыз алынған ақша сомасының негізгі бөлігі қылмыстық топ мүшелерімен «ФинСтатус» ЖШС-ң есеп-шоттары мен кассасынан өздерінің қажеттілігі үшін алынып, жаңа клиенттерден ақша қаражатын алу үшінөздеріне алған міндеттемені орындау көрінісін жасау мақсатында ақшаның тек бір бөлігін ғана несиенің ай сайын жабуға жіберіп отырған. Р.Зиатдинов, И.Зиатдинов, А.Черненко басқарған «ФинСтатус»ЖШС клиенттерге жалпы сомасы 657 469 224 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сонымен қатар, 2015 жылдың қазан айында Р.Зиатдинов, И.Зиатдинов, Ж.Шакирова қылмыстық топ құрып, Алматы қаласында «ПрофитГруп» ЖШС-ні ашып тіркеген. Қылмыстық топқа, сонымен қатар, К.Р.Мұхамедиевті қосып, соңғы 2015 жылдың қараша айынан бастап «ПрофитГруп» ЖШС-не директор лауазымына тағайындаған, «ПрофитГруп» ЖШС-дегі «ФинСтатус» ЖШС-мен бірдей қызмет жүзеге асырған.

 Р.Зиатдинов, И.Зиатдинов, Ж.Шакирова, К.Мухамедиев басқарған «ПрофитГруп» ЖШС-мен клиенттерге жалпы соммасы 27 862 313 теңгеге материалдық шығын келтірілген.

Сот үкімімен бес адамның барлығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігі 1, 2-тармағымен, 190-бабының 4-бөлігі 1, 2-тармағымен, 3-бөлігі 1, 2-тармағымен  кінәлі деп танылып, оларға ҚР ҚК 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы, түпкілікті мүлкін тәркілей отырып, қаржы қызметін жүзеге асыру құқығынан бес жылға айыра отырып, 8 (сегіз) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі