Алматы қалалық соты

Алматы қалалық соты марафонға қатысқаны үшін қалалық әкімнің алғыс хатымен марапатталды

15/10/2018

Алматы қаласында бірінші күзгі қайырымдылық марафонында Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов, судьялар мен сот әкімшілігінің қызметкерлері (55 адам) қатысты.

Марафонға қатысушылар 10 және 21 шақырым қашықтықта жарысты. Ол АҚШ, Франция, Жапония және Ресей секілді елдерден келген кәсіби спортшылар қатысты.

Жаңбырлы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, 3500-ден астам адам Тұңғыш Президент саябағынан бастап қала көшелері арқылы жүгірді.

Алматы қалалық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов пен Алматы қаласының әкімі Б.Байбек сот ғимаратының құрылысы барысымен танысты

14/09/2018

Ауқымды алты қабатты ғимараттың құрылысы қарқынды жүруде: төртінші қабаты салынуда, онда судьялар мен сот мамандарының кеңселері орналасқан. Құрылыс жобасының жетекшісі Владимир Хлыновтың айтуынша, жұмысты келесі жылдың ортасында аяқтау жоспарлануда.

Жобаға сәйкес, алдыңғы үш қабатта 33 сот мәжіліс залын және кеңесу бөлмелерін орналастыру жоспарланып отыр. Әрбір осындай залда шамамен 75 ш.м.  Қылмыстық юрисдикция судьяларының залдарына шамамен 90 ш.м.  қарастырылған. Жоғарғы қабат техникалық бөлмелер үшін сақталған.

Алматыда Конституция күніне орай тамыз оқулары өткізілді

28/08/2018

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында ІІ Тамыз оқуларының аясында ҚР Конституциясы күніне орайластырылған «Конституциялық құндылықтар және оларды Қазақстан заңы мен құқық қолдану практикасында жүзеге асыру жолдары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шара Алматы қалалық сотының бастамасымен Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Алматыда экологиялық заңнаманы қолдану бойынша семинар-тренинг өтті

17/08/2018

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьясы Бейбіт Шермұхаметов, Бельгияның Конституциялық сотының судьясы, Еуроодақтың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі судьялар форумының төрағасы Люк Лавризен, Швецияның Векше қаласындағы жер мәселелері мен экология мәселелері жөніндегі аға сот төрешісі Андерс Бенгтсон, Астанадағы ЕҚЫҰ кеңсесінің экономика және экология бөлімінің меңгерушісі Рати Джапаридзе, Астанадағы ЕҚЫҰ кеңсесінің аға жобалаушы ассистенті Бибігүл Избаир қатысты.

Алматыда «Судья көмекшісі» пилоттық жобасы іске қосылды

30/07/2018

Алматы қалалық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов «Судьяның көмекшісі» пилоттық жобасын іске қосуға тапсырма берді. Жоба азаматтық істер бойынша мамандандырылған Медеу аудандық сотының негізінде жүзеге асырылады. Алдын-ала жұмыс нәтижелері бойынша аудандық судьяның көмекшісіне мемлекеттік қызметкерлердің ішінен 8 маман іріктеліп алынды.  

Қалалық соттың төрағасы судьялар көмекшісі институты «Сот төрелігінің жеті түйін» бағдарламасының стратегиясын іске асыру шеңберінде енгізілгенін және бұл жоба сот қызметінің тиімділігін арттыратындығын атап өтті.

Алматы мен Оралда судьялар медиативтік және коммуникативтік дағдыларға даярлықтан өтті

25/07/2018

Семинарларды сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша басым жобаларды іске асыру аясында Жоғарғы Сот, Ф.Эберт атындағы қордың өкілдігі, «Ел тірегі» шағын және орта бизнестің Қазақстандық қауымдастығы ұйымдастырды.

Оқытуды сарапшы-конфликтолог Меруерт Жүнісбек, шешендік өнер бойынша тренер Жанна Ибраева, сондай-ақ Жоғарғы Соттың судьялары өткізді.

 

Алматының Наурызбай аудандық сотында «Құқықтық қызмет көрсету орталығы» ашылды

02/07/2018

Орталықтың ашылу салтанатына судьялар, Соттар әкімшісі Данияр Қырықбаев, сондай-ақ Алматының Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті аудандық бөлімінің басшысы Шыңғыс Әшірбеков, Наурызбай ауданының Әділет басқармасының басшысы Талғат Тойбаев, Алматылық адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы Кенжеғали Қаршегенов, Медиацияны дамыту орталығының, нотариаттық палатаның және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алматы қ. Бостандық аудандық сотында татуласу кеңсесі ашылды

22/06/2018

Кеңсенің ашылу салтанатында Алматы қалалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа сот төрағасы Бақытжан Караманов, Алматы қ. Бостандық аудандық сотының төрағасы – Алтынбек Баянов және Соттар әкімшісі Данияр Қырықбаев.

Бұл кеңсе «Сот жүйесіндегі татуласу рәсімдер» атты пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде ашылды, татуластыру - судья үміткері ретінде - Гульмира Талапова бекітілді.

Алматыда зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету мүмкіндігі талқыланды

11/06/2018

Алматы қаласындағы Жоғарғы Соттың бастамасымен «Бірлесе даму» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» қоғамдық қорының қолдауымен «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын іске асыру аясында қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету мүмкіндіктері туралы Достық үйінде зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Алматының судьяларымен кездесу өткізді

28/05/2018

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Талғат Донақов Алматы қалалық сотында судьялармен сот төрелігінің өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесуге Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарының және Алматы қаласының судьялары қатысты.

Беттер