Алматы қалалық соты

Алматы қалалық сотының төрағасы соттар жұмысымен танысты

03/05/2018

Сот тиімділігін және азаматтардың сенімін арттыру мақсатында Алматы қалалық соты Жоғарғы Сотының басым міндеттерінің аясында ақпан айында «Мінсіз сот» атты пилоттық жобаны іске қосты.

Пилоттық жобаға Алматы қаласындағы Медеу, Бостандық аудандық соттары, №2 Медеу аудандық (қылмыстық істер жөніндегі) соты және № 2 Бостандық аудандық (қылмыстық істер жөніндегі) соты қатысуда.

Аталған соттарда Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов, судья Қадиша Әбсиметова және соттар әкімшісі Данияр Қырықбаев болды.  

Алматыда Алматы қалалық сотының бұрынғы төрағасы Ақжан Ештайды еске алуға арналған футбол турнирі өтті

24/04/2018

Алматы қалалық соты қалалық судьялар мен сот қызметкерлері арасында футбол турнирін өткізді.

Байқауға қалалық және аудандық соттардың судьяларынан, сондай-ақ Алматы қаласының аудандық және қалалық соттарынан тұратын төрт топ қатысты.

Астана және Алматы қалаларында «Түнгі сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

05/04/2018

Астана қалалық сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасының шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді кешкі уақытта қарау мүмкіндігін талқылау бойынша«дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға судьялар, құқық құрғау органдарының, адвокатура мен прокуратура органдарының өкілдері қатысты.   

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті дәрісханаларының біріне Ақжан Ештайдың есімі берілді

06/02/2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің Медиация және сот отырысы оқу залына Алматы қалалық сотының бұрынғы төрағасы, Б.Сыртанов атындағы Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясы сыйлығының лауреаты Ақжан Ештайдың есімін беруге арналған салтанатты жиын өтті.

Алматыда заңгерлер қауымдастығының өкілдері электронды сот төрелігінің келешегін талқылады

05/02/2018

Жоғарғы Сот Департаментінің Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Серғазы Омаш Алматы қалалық сотында заңгерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесті.

Кездесуге Алматы қаласындағы Әділет және Мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдері, адвокаттар, заңгерлер және «Фейсбук» әлеуметтік желісінің «IT-сот төрелігі» тобындағы белсенді тұтынушылар қатысты.

Алматы қаласының судьялары Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұражайында өткен көрмеде болды

13/12/2017

Алматы қалалық соттың төрағасы Нурғазы Абдиканов және Алматы қаласының судьялары Қазақстан Республикасының Орталық мұражайында Тұңғыш Президент және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған саяхат көрмесімен үлкен қызығушылықпен таныстырылып өтті.

Судьялар Қазақстанның тәуелсіз және табысты ел ретінде дамуы мен қалыптасу тарихын  көрнекті көрсететін экспозициямен танысып өтті. Көрме төрт бөлімге бөлінген :  «Елбасы жолы», «Лидер феномені», «Президенттің марапаты – халықтың ризашылығы» және «Әлемде танылған көшбасшы».

Алматы қалалық соты және Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

11/12/2017

Алматы қалалық соттың төрағасы Нұрғазы Абдиканов «Соттардың сот практикасында процессуалдық құқықтарды теріс пайдалану жолын кесуге бағытталған Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларын қолдану» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға судьялар, прокуратура қызметкерлері, адвокаттар, «Атамекен» ұлттық палатаның кәсіпкерлері, кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі бөлімінің сарапшылары қатысты.

Республика соттары Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізді

27/11/2017

Алматы қалалық сотында «Ұлттық сана жаңғыруы және тарихи тұлғалар өнегесі»  тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысында  судьялар, белгілі заңгерлер мен тарихшылар, филолог, этнограф ғылымдар, республиканың еңбек сіңірген қайраткерлері, отставкадағы судьялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Алматы қалалық сотында сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында сот бақылауын дамыту мәселелері талқыланды

20/10/2017

Алматы қалалық сотында қалалық адвокаттар алқасымен  өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған  меморандум аясында «Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында сот бақылауының даму келешегі»  атты тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Алматы қалалық сотының төрағасы  Н.Әбдіқанов, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Қараманов, қалалық сот судьялары, қалалық адвокаттар алқасының өкілдері, аудандық және оған теңестірілген соттар судьялары қатысты.

Беттер