Алматы қалалық соты

Алматы қалалық сотының судьялары балалар үйіне барды

26/03/2015

Бүгін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының төрағасы  Бақытжан Қараманов пен судья Раушан Досмұханбетова Алматы қаласындағы №2 балалар үйінде болды.  

Алматы қалалық сотының судьялары атынан сөз сөйлеген Бақытжан Қараманов балалар үйінің тәрбиеленушілерін Наурыз мерекесімен құттықтап, биылғы жылы еліміз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын  атап өтетінін де тілге тиек етті.  

Алматы қалалық соты мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында меморандумге қол қойылды

17/03/2015

Бүгін Алматы қалалық соты мен заң саласының мамандарын даярлайтын іргелі жоғары оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің саласындағы ірі жоғары оқу орнының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның басты Мемлекет басшының «Нұр Отан» партиясының ХVI-съезінде берген тапсырмалырын іске асыру үшін оқу процесін сот тәжірибиесінің материалдарымен толықтыру және сот төрелігін жүзеге асыру бағытында ғылыми ісзденістерді енгізу бойынша әлеуетті біріктіру.

Жоғарғы Сот Төрағасы Конституция күніне орай Алматы қаласында өткен салтанатты жиынға қатысты

29/08/2014

Бүгін Алматы қалалық сотында Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиынға қатысты.

Іс-шараға Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай мен Қазақстан Республикасы Әскери Сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев та қатысты. 

Салтанатты жиынды аша отырып Қ.Мәми шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесімен құттықтады.

Беттер