Жоғарғы Сот Төрағасы Конституция күніне орай Алматы қаласында өткен салтанатты жиынға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Алматы қалалық сотында Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиынға қатысты.

Іс-шараға Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай мен Қазақстан Республикасы Әскери Сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев та қатысты. 

Салтанатты жиынды аша отырып Қ.Мәми шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесімен құттықтады.

Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы: «Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы халықтың ерік-жігерін көрсетті және мемлекеттің демократиялық құрылысының іргетасын қалады. Адам, оның негізгі құқықтары мен бостандықтары еліміздің басты құндылықтары ретінде мойындалды.

Жаңарған Конституция құқықтық мемлекетті құрудың негізін қалады және Сіздердің көпшілігіңіз бұған белсене қатыстыңыздар. Сіздер қазір де күн сайынғы еңбектеріңізбен еліміздегі құқықтық демократиялық мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосып келесіздер», - деді.

Құттықтау сөзден соң Қайрат Мәми бірқатар судьяларды ведомстволық медалдармен марапаттады.

Салтанатты жиында Әскери Сот төрағасы Сәкен Абдуллаев, республиканың Судьялар Одағының төрағасы Серік Байбатыров және Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы Гүлзат Шардарбекова құттықтау сөз сөйледі.  

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі