Алматы қалалық соты

Алматы қаласының соттарында ЭСҚ-ны азаматтардың алуына көмек көрсету туралы Меморандумға қол қойылды

01/08/2016

Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі Б.Асанбеков және Алматы қаласы бойынша «Мемлекеттік корпорация «Азаматтар үшін үкімет» - коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» директоры Д.Ахметов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды бекітті.

Алматының судьялар «Банктік заңнамасынан туындайтын даулар бойынша істің қаралу тәжірибесі» атты дәріс қатысты

19/07/2016

Алматы қалалық сотында Жоғарғы Соттың судьясы Дүйсен Тұмабековтің, сондай-ақ облыстық және оларға теңестірілген республика соттары судьяларының қатысуымен бейне конференц байланыс арқылы дәріс өтті.

Бейнедәріс апелляциялық сот сатысы судьясының дәріс беруші болуы форматында алғашқы рет өткізіліп отыр.

Алматы қалалық соты 2016 жылдың бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылады

18/07/2016

Алматы қалалық сотында соттардың 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылау бойынша қала судьяларының кеңейтілген кеңесі өтті. Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Нұржан Қайыпжан, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ләззат Кудекова, Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай, қала судьялары, Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Алматы қалалық соты заңды тұлғалардың арасында медиативті келісімді бекітті

28/06/2016

Алматы қалалық соты «Лизинг групп» АҚ мен «Корпорация «Держава» ЖШС-нің арасында медиативті келісімді бекітті.

Талапкер «Лизинг групп» АҚ жауапкер «Корпорация «Держава» ЖШС-не қатысты 84 280 000 теңге көлеміндегі берешекті және сот шығындарын өндіріп алу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Алматы қалалық соты «Дауды бейбіт жолмен шешу - қоғамдағы толеранттылық негізі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізді

24/06/2016

Алматы қалалық сотында «Дауды бейбіт жолмен шешу - қоғамдағы толеранттылық негізі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

Кездесу Алматы қалалық сотының төрағасы және Алматы қаласы әкімі арасында дауларды сотқа дейінгі реттеу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою қарсаңында өтуде.  

Алматы қалалық сотының төрағасы мен Алматы қаласының әкімі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

23/06/2016

Алматы қалалық соты мен Алматы қаласының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай мен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек қол қойды. 

Меморандумға қол қою салтанатты рәсіміне Алматы қаласы әкімдігі аппаратының, қалалық басқармалардың, сот корпустарының өкілдері, Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісі қатысты.

Корей Республикасы сот органдарының делегациясы Алматы қалалық сотында болды

23/06/2016

Корея делегациясы Сеул қаласының Жоғары Сотының төрағасы Сим Сан-чоль Алматы қалалық сотында болды.

Делегация құрамында Жоғарғы Сот аппаратының соттар қызметін қамтамасыз ету Бюросының төрағасы Хонг Сынг-мен, Жоғарғы Сот Аппаратының Соттар әкімшісі департаментінің директоры Пак Ван-сик, Жоғарғы Сот Аппаратының халықаралық байланыс бөлімінің бастығы Хванг Ин-сонг, сондай-ақ Корея Республикасының Бас Консулы Ким Джун кірді.

Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық сотта электрондық-сандық қолтаңба беру бойынша пилоттық жоба қолға алынды

09/06/2016

Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық сотта талап арыздар мен басқа да арыздарды «Сот кабинеті» электрондық жүйесі арқылы азаматтарға электрондық-сандық қолтаңба беру жөнінде бастапқы пилоттық жоба жүруде.

Аталған жоба Алматы қалалық сотының бастамасымен Алматы қаласының Халыққа қызмет ету орталығымен бірлесіп «Сот кабинеті» жүйесімен азаматтарды таныстыру және сервистік қызметті кең көлемде қолданумен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.

Алматыда 12 үміткер судья лауазымына арналған бір жылдық тағылымдамадан өту үшін оң қорытынды алды

28/04/2016

Алматы қалалық сотында қала бойынша судьялыққа кандидаттар арасынан бір жылдық тағылымдамадан өтетін тұлғаларды іріктеу комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Барлық кандидаттар туралы мәліметтер Алматы қалалық сотының интернет-ресурсында жарияланды. Онда әрбір азамат судьялыққа үміткер тағылымдамасынан өтуге қатысу үшін құжат тапсырған тұлғалар жөнінде өздерінің жеке пікірлерін білдіру мүмкіндігіне ие болды.

Сот тыл еңбеккерінің ҰОС жылдарындағы еңбек өтілін растады

10/03/2016

Алматы тұрғыны З.Назарова арнайы мемлекеттік жәрдемақы алу үшін құжаттарын ресімдеген. Осы ретте оған Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, атап айтқанда 1944 жылдың қыркүйегі мен 1945 жылдың мамыры аралығындағы еңбек ету фактісін мойындату қажет болды.

Осы мақсатта З.Назарова Алматы қаласының Медеу аудандық сотына арызбен жүгінген.

Беттер