Ақтөбенің денсаулық сақтау саласында медиация кабинеті ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық соты қалалық емханалардың бірінде денсаулық сақтау саласындағы медиация кабинетін ашты. Іс-шара «Татуласу: сотқа дейін және сотта» пилоттық жобасын іске асыру аясынды жүзеге асырылды.

Ашу рәсіміне Ақтөбе қалалық сотының төрағасы Қанат Сембеков, судьялар Айгүл Абдуллина, Светлана Мұкашева, бас дәрігер Мереке Нұртазин, облыс әкімі аппаратының медиаторы Есенбол Азиев, сондай-ақ денсаулық сақтау бөлімінің мамандары мен мекеменің медицина қызметкерлері қатысты.

Қанат Сембеков қатысушыларды құттықтай келе, медиация орталықтарын ашу уақыт талабы екенін айтты. Дәрігер мен емделушінің, сондай-ақ ұжым мүшелерінің арасында жанжалдар тумай тұрмайтындықтан, медицина мекемелерінде де медиация кабинетін ашу қажеттілігі туындап отыр. Төраға осы орайда медиация кабинетінің жанжалдарды шешудің дұрыс жолы болып табылатынын айтты. Бұл жерде медиаторлар өзара тиімді шешімге қол жеткізу үшін тараптармен келіссөз жүргізетін болады.

Судья Светлана Мұқашева өз сөзінде денсаулық сақтау мекемелерінде медиацияны дамытудың маңызды екенін айтты. Өйткені емделушілер медицина ұйымының қызметін пайдалану үшін келгенде әдетте өзін қандай жағдайда болмасын зардап шегуші тараппын деп есептейді. Сондықтан да оның өзінің шеккен моральдық шығынын өтеттіріп алуға құқығы бар. Ал мұны сот қана жүзеге асырып, оны қорғап қала алады. Емделушілердің көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына шағымдарын талдау жөніндегі халықаралық практика медиацияның өміршең екендігін көрсетіп отыр.

Кабинет ұйымдастыру техникасымен, ыңғайлы жиһазбен жарақтандырылған. Мұнда әңгімелесу үшін қолайлы жағдайлар туғызылған.

Кездесуге қатысушылар медиациялық процестің әр сатысының ұйымдық мәселелерін жан-жақтылы талқылады. Сонымен қатар медиациялық келісімдерді жасауды оңайлату тәсілдері  туралы да сөз болып, өзара пікір алмасылды. Осының нәтижесінде медиаторлар осы жобаға белсене қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

 «Медиация кабинетінде әркім өзінің сөзін тыңдата алады, ал өзара сенім жағдайында өрбитін жарасымды әңгіменің өзі жанжалдарды татуласу арқылы шешуге мүмкіндік береді», - деп есептейді бас дәрігер Мереке Нұртазин.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызмет