Архив событий

25/06/2019

Жоғарғы Сот төрағасы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

25/06/2019

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов БАқ басшылары мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Іс-шараға жоғары сот органының судьялары, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы қатысты. Еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен қызметкерлері, үйлестіруші судьялар мен облыстық соттардың баспасөз хатшылары қатысты.

Судьялар және сот қызметкерлері бір күндік жалақыларын Арыс қаласындағы зардап шеккендерге аударды

25/06/2019

Республиканың судьялар корпусы және Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Арыс қаласы маңындағы әскери бөлімнің аумағында оқ-дәрілердің жарылуынан зардап шеккен отандастарына қолдарынан келгенше көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Республика судьялары мен Департамент қызметкерлері бір күндік жалақыларын Арыс қаласында болған төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына айдарды.  

Жоғарғы Сотта Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

25/06/2019

Соттардық қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаменттің басшысы Наиль Ахметзакиров Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс өткізді.

Іс-шарада сөз алған Н.Ахметзакиров мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті дамытуға және кәсіби мемлекеттік қызметшілер аппаратын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.