Архив событий

07/06/2019

Қарағанды облысының Абай аудандық сотында фронт-офис ашылды

07/06/2019

Облыс әкімі Ерлан Қошанов облыс соттарында жүргізіліп жатқан сот жүйесін жаңғырту жұмыстарын жоғары бағалады. Ол мемлекеттік органдар басшыларының назарын соттардың оң тәжірибесінен үлгі алып, азаматтарды қабылдап, оларға қызмет көрсету үшін барлық жағдайларды туғызуға аударды.

Түркістанда «Отбасым – басты байлығым» атты кездесу өтті

07/06/2019

Түркістан облыстық соты қала әкімдігінде Түркістан қалалық сотына некені бұзу туралы талап арыз берген ерлі-зайыптылармен «Отбасым – басты байлығым» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шара «Отбасылық сот» жобасын іске асыру шеңберінде болып өтті. Оған судьялар, облыстың ақсақалдар және ардагерлер кеңесінің басшылары Жарылқасын Әзіретбергенов және Жарқынбек Кулбайымбетов, қаланың бас имамы Жүсіпбек Қасымбеков, мемлекеттік органдардың, Аналар кеңесінің өкілдері, психологтар мен медиаторлар қатысты.

Сот бір миллиард теңгеден асатын дау бойынша кәсіпкер мен банкті татуластырды

07/06/2019

Банк заем алушыдан 734 417 960 теңге сомасындағы берешегін 62 көлік құралына, сондай-ақ өндірістік база мен жиһаз салоны түріндегі жылжымайтын мүлікке аудару арқылы өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Заем алушы кәсіпкер қаржылық қиындықтарға байланысты кредиттерін уақытында төлей алмаған, нәтижесінде оның Банкке бір миллиардтан астам қарызы пайда болады.