Архив событий

19/06/2019

Ж.Асанов Сочиде өткен ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер жоғарғы соттары төрағаларының кеңесіне қатысты

19/06/2019

Жақып Асанов Сочиде (РФ) өткен ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер жоғарғы соттары төрағаларының XIV кеңесіне қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Индия елдері жоғарғы соттарының төрағалары мен судьялары, сондай-ақ бақылаушы елдердің өкілдері, өзара қарым-қатынасқа мүдделі әріптестер қатысты.

Департамент басшысы Н.Ахметзакиров Сот төрелігі академиясында болды

19/06/2019

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров Сот төрелігі академиясында болып, жоғарғы оқу орнының басшылығымен бірге осы оқу орнын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

«Егемен Қазақстан» газетінде Н. Қалқаның «Әділдіктің бағдаршамы» атты шолу материалы жарияланды

19/06/2019

Жарияланымда «100 нақтылы қадам» Ұлт жоспарында белгіленген міндеттерді орындаудың барысы, атап айтқанда, сотқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту, төрешілдік рәсімдерді азайту туралы сөз болады. Мақала авторы Жоғарғы Сот межелеп отырған үш бағыт: судья кадрларының сапалы дамуы мен жаңаруы, судьяларды «даусыз» істерді қараудан босату, оларға күрделі істерді қарау үшін жағдай жасау және сот процесін басы артық төрешілдіктен арылту туралы ой қозғайды.