Архив событий

14/06/2019

Ж.Асанов халықаралық нотариаттық ынтымақтастық комиссиясының өкілдерімен кездесті

14/06/2019

Кездесуге Германияның федералдық нотариаттық палатасының вице-президенті Ричард Бок, Литваның нотариаттық палатасының президенті Марюс Страчкайтис пен Германияның федералдық нотариаттық палатасы Халықаралық байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы  Дэвид Кениг қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ Жоғарғы Соттың судьялары Маргарита Одинцова мен Нұрия Сисенова, сондай-ақ Қазақстан нотариаттық палатасының төрағасы Әсел Жанабілова қатысты.

Тараптардың апелляциялық сатыда татуласуы

14/06/2019

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ЖК 3 000 000 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы ЖШС-ға талап арызбен жүгінді. Талапкер жауапкердің өзіне қабылдаған тауарды жеткізу жөніндегі шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамағанына шағымданған.

Сот ЖК-нің талап арызын ішінара қанағаттандырылып, ЖШС-дан 1 000 000 теңге тұрақсызыдық айыбы мен мемлекеттік бажды өндіріп берген.

Шығыс Қазақстанда сотқа дейінгі татуласудың бір түр ретінде Сақтандыру омбудсмені институтын енгізу тетігі талқыланды

14/06/2019

Шығыс Қазақстан облыстық сотында сақтандыру компанияларының өкілдері мен мүдделі тұлғалардың жұмыс кездесуі болды.

Кездесуге Қазақстанның Сақтандыру омбудсманы Андрей Копов қатысты.

Қызылордада билер даудың тараптарына медицияның мүмкіндігін түсіндіріп, оларды татуластырды

14/06/2019

Билер кеңесінің төрағасы Зейнолла Нұрсейітов және медиатор Қыдырбек Ращов Сырдария ауданының тұрғындарымен кездесуде оларға Кеңестің жұмысы мен татуластырудың артықшылықтарын түсіндірді.

Іс-шараға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Әбдірахман Абдолла, аудан әкімінің орынбасапы Димаш Байдушев, билер, құқық қорғау органдарының басшылары, мекемелердің өкілдері мен медиаторлар қатысты.