Жоғарғы Сот төрағасы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов БАқ басшылары мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Іс-шараға жоғары сот органының судьялары, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы қатысты. Еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен қызметкерлері, үйлестіруші судьялар мен облыстық соттардың баспасөз хатшылары қатысты.

Кездесуді ашқан Ж.Асанов: «Осындай кездесу жақсы дәстүрге айналды. Бұл Сіздердің, шынайы әрі объективті ақпаратты жеткізушілердің жұмысына алғыс айтатын тамаша мүмкіндік. Сіздердің шеберліктеріңіздің арқасында халық елімізде болып жатқан барлық жаңалықтарды біліп отырады», - деп атап өтті.

Жоғарғы Сот Төрағасы судья кадрларды жақсарту, соттың шектент тыс жүктемесін азайту және бірыңғай сот практикасын қалыптастыру жөніндегі Елбасының тапсырмасының орындалуына қысқаша тоқталып өтті. Сондай-ақ ол мемлекеттік басқару тарихындағы ең маңызды реформалардың біріне – Әкімшілік әділетке де назар аударды. АППК жобасына мемлекеттік органның «кінәлілік презумпциясы» қағидаты енгізілген, оған сәйкес оған талап қоюшы емес, ол орган өз шешімін негіздеуге міндетті болады.

«Жылдың басынан республика соттары жаңартылған заңнама шеңберінде жұмыс істеп жатыр. 16 заң әзірленді: 6-уы қолданыста, 7-уі – Мәжілісте, 3-уі мелекеттік органдарда келісілуде. Судьялардың кадрлық құрамын жақсарту, судьяларды артық жүктемелерден босату және сот процесін оңтайландыру  бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде», - деді Ж.Асанов.

Іс-шарада сөз алған Жоғарғы Соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша үйлестіруші судьясы Денис Шипп республика судьяларының Интернет кеңістікте жүргізіп жатқан түсіндірме жұмыстары туралы әңгімелеп берді.  « Үйлестіруші судьялар өздерінің негізгі жұмыстары – сот төрелігін жүзеге асырумен қатар әлеуметтік желілерде де де белсенді жұмыс жүргізеді. Себебі қазіргі таңда ақпараттық негізгі бөлігі осы Интернет арқылы шығады және таралады. Негізсіз сынға жол бермеу үшін менің әріптестерім интернет- аудитория арасында белсенді түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады», - деп атап өтті Д.Шипп. Ол азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында тиімді түсіндіру жұмыстарын жолға қою үшін БАҚ өкілдерін ынтымақтастыққа шақырды.

Ж.Асанов іс-шараның соңында БАҚ өкілдеріне, БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша үйлестіруші судьяларға және соттардың баспасөз қызметінің қызметкерлеріне құрмет грамоталарын тапсырды. 

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі
Теги: